Жаңалықтар

«Жастар өздері аяқтан тұрып, үй алатын жағдай қарастыруы керек». Министр депутаттың сауалына жауап берді

«Жастар өздері аяқтан тұрып, үй алатын жағдай қарастыруы керек». Министр депутаттың сауалына жауап берді
Фото: t.me/mazhilis_kz 22.11.2023 12:23 875

Депутат Дәулет Мұқаев Мәжіліс отырысында келесі жылы жалдамалы пәтерден шығарылатын жастардың мәселесін көтерді, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сұрақ қойды. 

Жалдамалы пәтерге қол жеткізген жастардың бес жылы аяқталуға жақын. Яғни, олар келесі жылы үйді босатуы керек. 200 мың айлық алатын жастар үйдің 50% қалай жинайды? Қазір жалақымыздың тең жартысы азық-түлікке кететіні жасырын емес. Жалға алған бес жылдың жартысы карантинмен өтті, көбінің әйелдері декретте отыр деген сияқты мәселелер бар. Неге осы жобаны ипотекалық бағдарламаға ауыстырмасқа? Олар пәтерлерін босатқан соң қайда барады?, - деді Д.Мұқаев.

Министр мемлекет бірінші кезекке көпбалалы отбасылар, аз қамтылған және мүгедек бала бағып отырған отбасыларды қоятынын жеткізді.

Бес жылға берілген жалдамалы пәтерлер жастардың аяқтан тұрып алуы үшін берілген мүмкіндік. Олар жұмыс жасап, отбасын асырай алады. Әрқайсысы ипотекамен үй алатын жағдай қарастыруы керек. Біз бірінші кезекке әлсіз топтарды шығарамыз, - деп жауап берді.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға