Жаңалықтар

Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды

Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.08.2024 23:10 399

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жобаның мақсаты – табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.

Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.

Байқауға өтінімді мына номинациялар бойынша беруге болады:

«Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024»;

«Үздік қоғамдық қызметкер – 2024»;

«Үздік жастар ұйымы – 2024»;

«Жастар үні – 2024»;

«Үздік медиа – тұлға – 2024».

Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға