Жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілер анықталды

Қазақстан жастар құрамасының бапкерлер штабы Венгрияның Будапешт қаласындағы әлем чемпионатына қатысатын нақты құрамды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хоккейшілер тізіміне 23 ойыншы енді — 20 айдын ойыншысы және үш қақпашы.
Қақпашылар: Владимир Никитин («Chilliwack Chiefs», BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снежные барсы);
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы — «Снежные Барсы»), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шакшақбаев («Номад»);
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы — «Снежные Барсы»), Александр Ким, Дәулет Нұркенов (екеуі де — «Assat», Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі де — «Барыс»).
Бас бапкер: Сергей Старыгин;
Бапкерлер: Георгий Верещагин, Ильдус Габдрахманов, Александр Колюжный;
Бас менеджер — Александр Корешков.
