Жаңалықтар

Жасөспірімдердің 5,6%-ы жыныстық қатынасқа түскен - зерттеу

Жасөспірімдердің 5,6%-ы жыныстық қатынасқа түскен - зерттеу
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 20.02.2025 13:06 726

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиева 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілген зерттеудің кейбір нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы халықтың үлес салмағын талдау  барысында психикалық бұзылушылықтары бар отбасылар саны – 3,7%, жыныстық зорлық-зомбылық – 5,2%, буллинг – 321,4%, зорлық-зомбылық – 42,4%, отбасындағы немқұрайлылық – 60,9 пайызды көрсеткен.

Отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша оқушылар былайша бөлінді: табысы төмен отбасынан шыққан балалардың үлесі 19,4%-ды құрайды. Жасөспірімдердің 24%-ы отбасының қолдауын сезінбейді. Балалар уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Мектептегі қолайлы физикалық және психологиялық орта денсаулықты, балалардың өміріне қанағаттануын және денсаулыққа ықпал ететін мінез-құлықты жақсартады. Жалпы, мектепке деген жақсы көзқарас, мұғалімдердің қолдауы көбінесе оң психикалық денсаулықпен, алкогольді ерте тұтынудың, темекі шегудің төмен қаупімен байланысты. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 39,1%-ы мұғалімнің және 35,1%-ы құрдастарының жоғары қолдауын сезінбеді, - дейді Алтынай Есқалиева.

Жасөспірімдердің 9,9%-да (11-14 жас) созылмалы аурулар болған, 36,4-ы денсаулыққа қатысты әртүрлі шағымдар білдірген және 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 16,6%-да психикалық әл-ауқаттың нашарлығы, ықтимал депрессия белгілері анықталған.  

Денсаулыққа қауіп төндіретін мінез-құлықты талдау көрсеткендей, сауалнамаға қатысушылардың 6,6%-ы темекі шегеді. Жасөспірімдердің 4,6%-ы өмірінде бір немесе одан да көп рет масаң күйде болған, 5,6%-ы жыныстық қатынасқа түскен. Ғылыми деректер буллинг құрбандарында, сондай-ақ реніштер/қорлық жасайтын адамдарда психикалық денсаулықпен байланысты қосарласқан және болашақ проблемалары бар екенін көрсетеді. Мектептегі буллинг құрбандары балалардың 17,5%-ы болды, балалардың 3,4%-ы айына бір рет және одан да көп рет кибербуллингке ұшырады, - дейді Алтынай Есқалиева.

Әлеуметтік желілердегі онлайн қарым-қатынас балалар мен жасөспірімдердің күнделікті өміріне мықтап енді.

Электрондық байланыс құралдары әлеуметтік желілерді проблемалық пайдалану қаупін (мысалы, ұйқының бұзылуы, психотроптық заттарды тұтыну), кибербуллингтің құрбаны болу қаупін арттыруы, депрессиялық симптомдардың дамуына, агрессивті мінез-құлыққа, өмірге қанағаттанудың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. 12,7% - бұл проблемалы әлеуметтік желі қолданушылары. Осы зерттеу шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтауда қалыптасқан балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, мінез-құлық әдеттерін, физикалық және психологиялық әл-ауқатын мониторингтеу жүйесі ұлттық және өңірлік деңгейлерде енгізілуі және дамуы тиіс, - дейді Алтынай Есқалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға