Жаңалықтар

Жас суретшілердің дебюті

ҚР Ұлттық музейінде "Индиго түстес өмір" атты көрме ашылды
02.11.2016 11:33 8515

Бүгін Ұлттық музейде әдеттегі көрмелерден ерекше көрме ұйымдастырылды. Ерекше дейтініміз, мұнда елге танылған тісқаққан суретшілердің емес, 5 пен 17 жас аралығындағы 150-ден астам балғын суретшінің көрмесі өтті.

Жас суретшілердің дебюті

Гүл құшақтаған ата-ана, шаттанған ұстаз, өздерінің салған суреттерін әркімге бір көрсетіп, мақтанып жүрген жас суретшілер... Мұндай шынайы, кіршіксіз таза сезімдерді, мұндай өзгеше көрмегелі көп болып еді. Төбеміз көкке бір елі жетпей қалды. Ал, музейдің залына кіргенде, қабырғадағы бірінен-бірі өтетін ғажайып туындыларға қарап бір сәт тамсанып тұра қалдық. Анау бұрышта мойнын созған керік, мынау бұрышта мұңайған ақшақар, әнеки, кірпі кетіп барады... Бір жерден қарап салсын, мейлі, ойдан салсын, өрімдей қылқалам шеберлерінің салған туындылары бізді әдемі ертегі әлеміне қарай жетелей жөнелді.

Жас суретшілердің дебюті

Балалар шығармашылығының еліміздегі ең танымал музейлердің бірінде насихатталуы – игі бастама. Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай «Индиго» студиясы оқушыларының көрмесін ұйымдастыру туралы ұсынысты бірден қуана қабыл алғанын жеткізді. Музей директоры балаларды әсем, көркем дүниелерге құштар етіп тәрбиелеп жатқаны үшін олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс білдірді.

Жас суретшілердің дебюті

Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Дана Нұрмаханова өзінің тілегін былайша жеткізді:

– Алғаш балаларымызды осы студияға алып келген күніміз естен кетпейді. Бастапқыда көп нәрсені білмейтін бүлдіршіндеріміз біздің көз алдымызда өсті, ұстаздарынан көркемсуреттің қыр-сырын үйренді. Бұл көрме – олардың ең алғашқы көрмесі, шығармашылықтағы бірінші баспалдағы. Болашақта балаларымыз жеке көрмесін әлемнің түкпір-түкпірінде өткізетіндей деңгейге жетсін деп тілеймін!

Жас суретшілердің дебюті

Ал, «Индиго» көркемсурет мектебінің  басшысы Максим Кравченко мектепті ашқан кездегі қиындықтар мен ата-аналардың айрықша қолдауын сөз етті. «Қазір қиыншылықтың бәрі артта қалды. Шәкірттеріміз – біздің басты жетістігіміз» дейді Максим Юрьевич.

Жас суретшілердің дебюті

Мынау  тұрған зебраны он жасар Жәния Байбек салған. «Индиго» көркемсурет мектебіне оны осыдан үш жыл бұрын ата-әжесі ертіп әкелген.

Жас суретшілердің дебюті

Жәния негізінен жануарлардың суретін салғанды ұнатады. Оның қазірге дейін салған топтамасында зебрадан бөлек, керік, піл, мысықтың суреттері бар.

Жас суретшілердің дебюті

Диляра Маратова 6 сыныпта оқиды. Ол өзі мысықты ерекше жақсы көретіндіктен, кез келген туындысында мысықты бейнелеуге тырысады. Студияда оқыған үш жыл ішінде ол пейзаж салуды, жұмыртқаның қабығы және ермексазбен жұмыс істеуді үйренген. Төмендегі жұмыртқаның қабығымен бейнеленген мысық пен сағат – болашағынан үміт күттіретін жас суретші Диляраның шығармалары.

Жас суретшілердің дебюті

Жас суретшілердің дебюті

Әлібек, Максим, Александра, Фериде, Млада және Виктория студияның ересек тобында, Людмила Юрьевнаның сыныбында оқиды.

Жас суретшілердің дебюті

Олар – суретте өздерінің арт жағында тұрған бетперделердің (маска) авторлары.

– Білесіз бе, бетпердені жасауға сурет салғаннан гөрі көбірек уақыт кетеді. Себебі, біз детальдарды ұзақ ойластырамыз, өз фантазиямызға көбірек арқа сүйейміз. Папье-маше (қағаз, гипс және желімнің қосындысы) және ермексазды бірнеше күн бойы кептіру қажет.

Жас суретшілердің дебюті

Бүгінгі көрмемізге осынша көп адам келеді деп ойламаған едік. Көрермендердің риза кейіптеріне қарап, өзімізді керемет сезініп қалдық. Болашақта біріміз сәулетші, енді біріміз дизайнер болғымыз келеді. Қазір сол мақсатқа жету жолында ізденіп жүрміз. Осы ретте бізге қолдау білдіретін студиядағы ұстаздарымызға алғыс білдіргіміз келеді, - дейді жас суретшілер. 

Жас суретшілердің дебюті

«InDiGo» көркемсурет мектебі 2011 жылы қыркүйекте ашылған. Осы уақыт аралығында студияда 600-ден астам шәкірт оқыды. Қазір мұнда  250-ге жуық шәкірт білім алып жүр.

Жас суретшілердің дебюті

Студияның оқушылары  республикалық және халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Жас суретшілердің дебюті

Сонымен қатар, студия түлектерінің Қазақстандағы және шетелдегі ең үздік оқу орындарына түсуі  – мектеп ұжымы мен ата-аналар үшін зор мақтаныш. 

Жас суретшілердің дебюті

Көркемсурет студиясында оқушылар кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер және мүсін өнерімен жақын танысады.

Жас суретшілердің дебюті

Студиядағы сабақтар балалардың жас ерекшеліктерін және шығармашылық дағдыларын ескеріп жасалған дербес бағдарлама бойынша жүргізіледі. 

Жас суретшілердің дебюті

Жас суретшілердің дебюті

Жас суретшілердің дебюті


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген  – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға