Жаңалықтар

Жас отбасыларға пайдалы кеңестер

Жас отбасы мүшелерінің жаңа өмірге үйренісуі үшін уақыт керек. Кейбір отбасылар арада жыл өтпей ақ айрылысып жатады. Міне, осындай қиындықтардан алыс болу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз!
30.07.2014 09:48 11902

Жас отбасы мүшелерінің жаңа өмірге үйренісуі үшін уақыт керек. Кейбір отбасылар арада жыл өтпей ақ айрылысып жатады. Міне, осындай қиындықтардан алыс болу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз!

Жас отбасыларға пайдалы кеңестер

1. Кішігірім нәрселерге назар аудармаған жөн. Мысалға, егер  күйеуі жұмыстан кеш шығып әйеліне осыны ескертпесе, әйелі бұны күйеудің оны құрметтемегендігі деп қабылдайды. Бұл дұрыс емес! Осындай кішігірім жағдайларға назар аудармауға тырысыңыз. Өмірлеріңіздегі   көңілді, жылы сәттерді көбірек еске алып рақаттаныңыз.

2. Сенім – бұл күшті, бақытты қарым-қатынастың негізі. Егер сіздің отбасыңызда сенім болмаса, араларыңызда түсініспестік, ұрыс-керіс жиі болады. Мысалы, әйеліңіз үйге гүлмен келіп, оны жұмыста лауазымының жоғарылауымен құттықтады десе, демек ол солай, басқа ештеңені ойламаңыз.

3. Мансап (карьера) – бұл екеуіңіз  де айналысып жүргендеріңіз. Бір-біріңізге жұмыс істеуге кедергі жасамаңыз, жақсы жұмыс істесеңіздер жалақыларың да өседі! Ал осының барлығы отбасыңыз үшін пайдалы!

4. Жұмыс пен отбасы арасында тепе-теңдік сақтаңыз. Олар бір-біріне кедергі жасамауы керек. Уақытыңызды жоспарлағанда, жұмыс пен отбасыға уақытты дұрыс бөліңіз.

5. Сынамаңыз! Әрине, қарым-қатынаста конструктивті сын болу керек, бірақ шектен шықпаған жөн! Және де, сыннан кейін күйеуіңнің көңілін көтеріп, оған қолдау көрсетуді ұмытпаңыз!

6. Үйлену тойынан кейін жас отбасыда көңіл бөлу азайып кетсе, ренжімеу керек, өйткені үйленгеннен кейін үй шаруасы пайда болады, жас жұбайлар бірге тұруға үйренеді, осы кездерде сіздер екеулеріңіз  көп қобалжисыздар, уақыт өте келе барлығы орнына келеді, тек шыдау керек.

7. Үйде бірге көбірек болған жөн. Күн сайын бір жерге барып демалу міндет емес (кино,театр, сауда орталығы). Ең дұрысы және кереметі- уақытты бірге үйде өткізу.

8.  Ұрыс-керіс кезінде, ренжісеңіз де, қатты сөздер айтпағаныңыз жөн. Ашуыңызды басып, сосын ғана мәселені талқылаңыз.

9. Балаларыңыздың өмірінде екеуіңіз бірдей маңызды рөл атқарғаныңыз жөн. Отбасылық мерекелерді бірге жоспарлап, мерекеде барлығыңыз болуыңыз керек.

10. Егер әкесі  мен баласы уақытты бірге көп өткізсе, кедергі жасамаңыз. Ойнай берсін.

11. Маңызды мәселелер бойынша әрқашан бір-бірімен ақылдасыңыз, ортақ шешімге келуге тырысыңыз.

12. Өзіңіздің отбасылық дәстүрлеріңізді қалыптастырғаныңыз жөн.  Аптасына бірнеше рет отбасылық кешкі ас ұйымдастырыңыз. Сенбі сайын бірге кинотеатрларға барып жүріңіз.

13. Бір-біріңізден әрқашан тек жақсы қырларды іздеңіз. Бір- біріңізге деген махаббат туралы көбірек айтудан жалықпаңыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға