Жас мультимедиялық журналистерге кеңес
Жақсы мультимедиялық журналист жан-жақты, байқағыш және икемді болуы қажет. Ондай журналистке болу үшін, төмендегі кеңестерімізге көңіл бөліңіздер:
-Оқырмандарыңызға бірнеше платформадағы варианттар беріңіз. Ең қарапайым веб-платформадан бастап, одан кейін басқа элементтерді де қоса түсіңіз. Репортажыңыз ең соңында «толыққанды және тартымды» болуы тиіс.
Мысалы, егер сізде бастапқыда аудио-сұхбат болса, оны өңдеп алыңыз. Сонан соң, сұхбатыңызды тағы бір мәрте тыңдап, сұхбаттасыңыздың жауабына сәйкес келетін кескіндермен толықтырыңыз. Соңында аудио слайд-шоу немесе фото-әңгіме жасаңыз. Егер әңгімеңізде статистикалық ақпарат немесе сандар болса, оны қызығырақ жасау үшін пайыздық кестелерді, карталарды немесе графиктерді қолдансаңыз болады.
-Толықтырыңыз, қайталамаңыз. Шығармашылық қабілетіңізді қолданыңыз, және қоластында бар бүкіл құралдарды қолданыңыз, бірақ жалпы пішінді (формат) өзгертпеңіз. Барлық элементтеріңіз бір-бірін қайталамай, толықтырып тұруы қажет.
-Жоспарлаңыз. Мультимедиялық журналист қалай жоспарлау қажет екендігін білуі керек. Репортажды дайындау үшін сіз тақырыпты алдын ала зерттеуіңіз қажет, содан кейін бұл репортажды жасау үшін қандай әдіс немесе құрал қолданатыныңызды шешесіз. Егер репортажыңыз ойыңыздағыдай шықпай жатса, жоспарларыңызды өзгертуге дайын болыңыз. Себебі, сұхбат уақытысында не болатынын сіз алдын ала біліп айта алмайсыз.
-Құралдарыңызды тексеріңіз. Бейнекамераңыздың батарейкасын тексеріп барыңыз.
-Жұмысыңызды ары қарай дамытып, таратыңыз. Кез-келген журналист, әсіресе жаңа бастап жатқан мамандар, әлеуметтік желілерде өз парақшасын ашқаны дұрыс. Сол парақшаларда дайындаған мақалаларын орналастырып, жұртпен бөлісуі тиіс.
-Көбірек жұмыс өндіру үшін топ болып жұмыс істеңіз. Мысалы, бір адам сұхбат алып жатса, екінші адам суретке немесе бейнекамераға түсіріп көмектессе болады. Ал үшінші кісі кестелер мен графкитерді дайындайды.
-Смартфоныңызға сенбеңіз. Суретке түсіре алатын, дыбыс таспасы ретінде қолдануға болатын жаңадан шығып жатқан телефондар керек зат. Алайда, жақсы репортаж жасау үшін тек смартфон сияқты құралдарға сену дұрыс емес. Белгілеп алуға, дыбыс жазуға арналған смартфондық қосымшалар әрине ыңғайлы, бірақ оларды қолданатын болсаңыз, өніміңіздің сапасы орташа немесе күткеніңізден төмен болуы мүмкін.