Жаңалықтар

«Жас жігіттей жарқырап». Көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды

«Жас жігіттей жарқырап». Көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды
Фото: instagram.com/abikjeksen 23.02.2024 17:36 2040

Көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды. Әншінің ұлы әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұбаныш Жексенұлының тұңғыш ұлы Әбілқайыр (Абик) Жексен әкесі 50-ге келсе де жас жігіттей жарқырап жүргенін атап өтті.

Әкелік тәрбие маған өмірде темірқазықтай жол көрсетіп, бағдаршамдай жол сілтеп келеді. Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты, мейірімділік пен байсалдықты, кеңпейілділік пен жомарттықты, өмір мен музыкаға деген құштарлықты өз бойыма сіңіріп келем. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің жанымызда жас жігіттей жарқырап, жүзіңнен күлкі кетпей, жанымызда жадырап жүргенің, жанға тыныштық ұялатып, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Отбасымыз аман, деніміз сау боп, мама екеуіңіз ұзақ, бақытты ғұмыр кеше берулеріңізді тілеймін! Шабытыңыз таусылмай, халықтың ылғи ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, биік шыңдардан әрдайым көрініп, көз алдымызда күліп ойнап жүре беріңіз, “Үлкен Жігіт” боп өсе беріңіз! Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға