Жаңалықтар

Жас жігіт ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізуді кәсіпке айналдырған

Жас жігіт ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізуді кәсіпке айналдырған
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.12.2024 22:08 381

Астанада алаяқтықпен айналысып жүрген 21 жастағы жігіт ұсталды. Полиция мәліметінше, оның 7 қылмысқа күдікті екені анықталған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіт уақытша пайдалануды сылтауратып ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізген. Тапқан табысты өз қажеттілігіне жұмсап келген. Кейін жәбірленушілермен кездесулерден қашып, олардың телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.

Полицейлердің айтуынша, ол бір фактімен тоқтамай, адамдарды алдауды жалғастырған. Сайттардан ойын приставкаларын жалға беру хабарландыруларын тауып, оның иелерімен хабарласып, жалға алған. Осылайша құны 5 млн тұратын жеті Playstation 5 ойын приставкасын алдап алған.

Қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға