Жас шахматшы Дүниежүзілік олимпиадада алтын жеңіп алды
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
11.10.2022 21:01
1081
Жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 1-11 қазан аралығында Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
«Соңғы айналымға дейін біз медальдар үшін өте сәтті күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медальдар үшін күресуді жоспарлап отырмыз»,– дейді команда капитаны Павел Коцур.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президенттікке үміткер үшінші әйел құжат тапсырды
Келесі жаңалық
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды