Жаңалықтар

Жас дзюдошылары Еуропа кубогында 12 жүлде еншіледі

Жас дзюдошылары Еуропа кубогында 12 жүлде еншіледі
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 25.03.2024 10:44 887

23-24 наурыз күндері Словакияның Шаморин қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталып, жас спортшылар 12 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маусымның алғашқы жарысында қазақстандық дзюдошылар 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21 ел ішінде жалпыкомандалық есепте 2-ші орыннан көрінді.

 Ғабит Расулхан (50 кг),  Батырғали Ернұр (55 кг), Нысанбай Дінмұхаммед (+90 кг) алтын, Ерұланұлы Санжар(-90 кг), Рахматулла Мансур (+90 кг), Швайгерт Злата (40 кг), Ямашева Алина (48 кг) күміспен күптелсе, Елемес Арсен (50 кг), Жолдасбек Мағжан (50 кг),  Досберген Нұрдос (55 кг), Наукенова Айзат (44 кг), Абдукадырова Севинч (40 кг) қолаға қол жеткізді. 

Бұған дейін Тбилисиде аяқталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан дзюдошылары 1 алтын, 1 қола жүлде иеленген еді. Оның ішінде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, әйелдер арасында Ғалия Тынбаева үшінші орынға тұрақтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға