Жаңалықтар

«Жас бітімгер» балалар әскери-патриоттық лагері басталды

«Жас бітімгер» балалар әскери-патриоттық лагері басталды
Фото: gov.kz 31.07.2023 20:32 1178

Қорғаныс министрлігі өткізетін әскери-патриоттық жұмыс шеңберінде Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары үшін бір апталық демалыс балалар лагерінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші күні балалар Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері дайындаған қызыққы толы бағдарламасыны тамашалауға «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығына барды.

Балаларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, сондай-ақ байланыс құралдары көрсетілді. Кейін жасөспірімдер жаттығу гранаталарын лақтыру, атыс қаруын бөлшектеу және құрастыру бойынша армия нормативтерін орындау кезінде жылдамдықпен, күшпен және шеберлікпен бәсекеге өзара түсті. Соңында балаларға пневматикалық мылтықтардан ату мүмкіндігі берілді. 

Оңтүстік күнінің ыстығына қарамастан, болашақ ел қорғаушылары жауынгерлік дайындық бағдарламасында қарастырылған барлық жаттығуларды үлкен құлшыныспен және мұқият орындады.

– Керемет өтті! Енді біз іс жүзінде әскери қызметші болудың оңай емес екенін білеміз. Әкемнің жұмысы қиын, жауапты және өте қызықты екенін ұқтым! – дейді Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшісінің ұлы Ілияс Тәжібаев

Белсенді сайыстан кейін бітімгерлер балаларды нағыз сарбаз ботқасының дәмін татқызып көрді.

Бұл балаларымызға әкелерінің не істеп жатқанын білуге және көруге тамаша мүмкіндік болды. Бітімгерлік операциялар орталығынға барған балаларымыз тамаша әсер алды, сіздерге ризамыз, – дейді ата-аналардың бірі Айжамал Базар

Келесі күндері балаларды мәдени-демалыс, спорттық іс-шаралар мен жорықтарды қамтитын қызықты бағдарлама күтіп тұр. Балалар дельфинарийге, хайуанаттар бағына, «Медеу» мұз айдынына барады, аспалы жолмен жүреді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музейіне және «Даңқ мемориалы» кешеніне экскурсиялар жоспарланған.

Одан бөлек Тау дайындығы орталығына бару да жоспарда бар, мұнда тәжірибелі нұсқаушылар балаларға тау жағдайында өмір сүру ерекшеліктерін айтып, көрсетіп, оларға өздерін нағыз әскери альпинистер сияқты сезінуге мүмкіндік береді.

Бітімгерлік операциялар орталығы әскери қызметшілерінің балалары үшін алдағы апта  ұмытылмас болып қана қоймай, физикалық тұрғыдан шынығып, шымыр болуға, пайдалы білім, практикалық дағдылар алуға және  әрине, жаңа достар табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деп аяқтады сөзін Орталықтың аға офицері Әнуар Арынғазиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға