Жартылай финал: бүгін бес боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жеңгендер финалға өтсе, жеңілгені қола медаль алады. Ал Қазақстан атынан бұл сында бес боксшы өнер көрсетеді.
Жартылай финалдағы қарсыластар:
48 келі:
Санжар Тәшкенбай – Эдмонд Худоян (Ресей)
54 келі:
Махмұд Сабырхан – Йосвани Вейтия (Куба)
67 келі:
Дулат Бекбауов – Лаша Гурули (Грузия)
71 келі:
Асланбек Шымбергенов – Дев Нишант (Үндістан)
80 келі:
Нұрбек Оралбай – Имам Хатаев (Ресей).
Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті.
Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды. Ал Қазақстан бокс федерациясының президенті чемпион атанған атлетке өз қаржысынан 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беретінін мәлімдеді.