Жарты жылда елімізден 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден 12 344 адам кеткен
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
10.08.2022 20:24
1067
Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден 12 344 адам кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы 5057 адамды құрады, деп хабарлайды El.kz
«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%-ды, көшіп кеткендердің үлесі-жалпы көшіп-қонушылар санының 83%-ын құрады», - делінген бюро ақпаратында.
Сондай-ақ, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға азайғанын айта кету керек. Өңіраралық ауысулар бойынша халық көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1883 адам) қалалары.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
БҚО-да жас жігіт тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен