Жарты жыл комада жатқан сарбаз жағдайы жақсармаса да, ауруханадан шығарылды
Фото: коллаж
Фото: коллаж
19.08.2024 10:24
2123
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайы жақсармаса да, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер Ербаянның жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады.
Себебі ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.
Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.
Онымен қоса, Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді