Жаңалықтар

Жарқын Жұмаділов жаңа қызметке тағайындалды

Жарқын Жұмаділов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 22.05.2023 13:04 998

Бірнеше жыл журналистика саласында еңбек еткен, кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке ауысқан Жарқын Жұмаділов Абай облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлылар мекені Абай облысының идеологиясы соңғы сегіз жылда шет қалғаны өтірік емес. Оның үстіне шығыста ширек ғасырдай Семейге қарағанда Өскеменге көп көңіл бөлінді. 25 жыл қордаланған мәселені шешу үшін біраз жыл керек, білікті кадрлар қажет.. Білімі мен іскерлігі бір төбе, мемлекеттік қызметте әбден ысылған Жарқын Түсіпбекұлы Абай облысы әкімінің кеңесшісі болды, - деп жазды журналист Нұрбек Бекен.

Жарқын Жұмаділов мемлекеттік қызметке келместен бұрын ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

Саяси ғылымдар магистрі әр жылдары республикалық газеттерде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадио корпорациясында шеф-редакторлық және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызметтер атқарған. 

Кейінгі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы,  «Elorda Aqparat» ЖШС директоры, Президент баспасөз қызметінің инспекторы секілді лауазымдарда болған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға