Жаңалықтар

Жарнама саласында көрсетілген қызметтер көлемі төмендеді

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Жарнама саласында көрсетілген қызметтер көлемі төмендеді
Фото: gb.ru 06.01.2023 16:36 818

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 228,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда болды. Мәселен, өткен жылдың 9 айында қалада 169,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Екінші орында Астана, онда 25,7 млрд теңгеге жарнама қызметі көрсетілді. Үшінші орында — Қарағанды облысы, мұнда қызметтің бұл түрі 12,8 млрд теңгеге көрсетілді.

Өз кезегінде жарнама агенттіктері көрсеткен қызметтер көлемі 185 млрд теңгені, БАҚ-та жарнама орналастыру қызметінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға