Жаңалықтар

Жаркент тұрғыны су тасқыны туралы пьеса жазды

Жаркент тұрғыны су тасқыны туралы пьеса жазды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.06.2024 15:30 488

Астанада "Aiala" республикалық арт-эко фестивалі өтіп, онда алты жеңімпаз бейнелеу өнері, перформанс, бейнемейкинг, сәндік-қолданбалы өнер, музыка және поэзия, арт- перформанс санаттары бойынша 1 миллион теңгенің сертификаттарына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль жеңімпаздарының бірі – Жетісу облысының Жаркент қаласынан келген жасөспірім Арман Латыпаев биыл елімізде орын алған су тасқыны тақырыбында пьеса жазды.

Мен біздің елдерімізде орын алған экологиялық жағдайға қатысты өзімнің сезімдерім мен уайымымды өнер арқылы жеткізуді шешіп, пьеса жаздым. Менің пьесам қарғын судың өзін бейнелейді. Құлсары қаласына жақындаған оның қатты толқындары кенеттен жеткен табиғаттың күшін білдіреді. Осы сәттегі әрбір аккорд қатты естіледі, бұл қалада орын алған хаос пен қиратуды көрсетеді. Ал пьесаның соңғы бөлігі – Қазақстанның су басқан өңірлері тұрғындарының азабын бейнелейді. Осы пьеса арқылы мен көпшілікке болған оқиғаны сипаттауды ғана емес, сонымен қатар олардың назарын экологиялық мәселелерге аударғым келді. Мен Aiala фестивалінің бар екеніне өте қуаныштымын. Біз бұл шара барысында барлық эмоцияларымызды білдіре аламыз және ересектер бізге құлақ асатынын білеміз, - дейді Жаркент қаласының тұрғыны Арман Латыпаев.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, елімізде алғаш рет креативті индустриялар, балалар мен экология тақырыбы тоғысатын іс-шара өткізілуде.

Біз бір ай бойы Қазақстанның әр өңірінің шығармашылық дарынды балалары арасында байқау өткіздік және экология тақырыбына арналған 6 аталым бойынша 250-ден астам өтінім алдық. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды және олар болашақта өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады. Бұл шара алғаш рет өткізіліп отыр және біз жастарға шығармашылық арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы өз сезімдерін білдіру мүмкіндік беру бастамасын өте маңызды деп санаймыз. Фестиваль жыл сайын өтеді деп үміттенеміз. Өйткені, біз байқау барысында қазақстандық оқушылардан үлкен кері байланыс алдық, – дейді Лима Диас.

Aiala арт-эко фестивалінің жеңімпаздары әрі 1 миллион теңгелік сертификаттың иегерлері:

- Órnekte санаты – Айболат Нұрлаев (Қызылорда қ.)
- Árle санаты – Нұржігіт Науханбаев, (Қызылорда облысы)
- Beinele санаты – Анель Сатыбалдиева, (Астана қ.)
- Qara санаты – Регина Землиханова, (Алматы қ.)
- Sezin санаты – Аяна Рахимжанова, (Ақтөбе облысы)
- Sóıle санаты – Арман Латыпаев, (Жетісу облысы)

Фестиваль аясында балаларға кескіндеме, макулатура, қаржылық сауаттылық және киіз басу арқылы өнер нысандарын құру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Aiala арт-эко фестивалінің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ. Іс-шараның бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға