«Жәрдем» медициналық пойызы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралайды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі мен Samruk-Kazyna Trust КҚ "Медициналық пойыздар" жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады, – деді денсаулық сақтау министрі.
Су тасқынына байланысты зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.
Алдын ала биыл профилактикалық қарап-тексерулерді, скринингтік зерттеулерді, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, бейінді мамандардың консультацияларын, зертханалық-диагностикалық қызметтерді, ЭКГ, УДЗ, флюрографияны қоса алғанда, 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарлануда.
Өз бағыты шеңберінде медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделетін болады, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.
Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.
