Жаңалықтар

«Жарасымның» жастары

«Жарасымның» жастары
15.11.2019 12:10 2060

Қарағандының Абай қаласындағы №14 мектеп-лицейінде «Жарасым» жастар клубы ашылды. Аталымыш шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Е.Құсайын, аудан әкімінің орынбасары К.Қабдуалиева және «Жаңғыру жолы» ҚХА өңірлік штабының өкілдері қатысты. 

Клуб мүшелігіне қабылданған мектеп оқушылары өз жобаларын «ҚХА-ТОЛКС» форматында талқылады. Қатысушылар үшін мектепішілік телевизия студиясына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда жас тілшілер мектеп тынысына қатысты жаңалықтар таратып, авторлық бағдарламалар әзірлеудің қыр-сырын меңгеруде. Телестудияда Ерлан Құсайын жас тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

«Жарасымның» жастары

«Литуаника» этномәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы, оқытушы Вида Грейчутенің айтуынша, клуб жұмысы жастар арасында мәдени құндылықтарды дәріптеуге, моральдық-адамгершілік бағдарлардың сабақтастығын қамтамасыз етуге, азаматтық және патриоттық ынталандыруға бағытталған. ҚХА жанындағы жастардың үйлестіру кеңесі екі жыл бұрын құрылған болатын. Ал өткен жылы іске қосылған «Жаңғыру жолы» қозғалысының негізінде өңір аумағында «Жарасым» жастар клубы, Теміртауда «Жаңғыру жолы» қалалық штабы, Достық үйінде «Bilim Ortalygy» зияткерлік алаңы ашылып, жұмыс жасауда.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға