Жаңалықтар

Жарқын Түсіпбекұлы: Логистиканың жемісі – елсіз жатқан жерге қан жүгірді

Логистиканың екі басты ерекшелігі бар. Біріншіден, ол – экономикалық табыстарға жол ашады.
12.11.2014 14:19 3890

Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Осыған орай Президент Жолдауына үн қосып жатқан саясаттанушы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Жарқын Түсіпбекұлының пікірін бөлісіп отырмыз.

Жарқын Түсіпбекұлы: Логистиканың жемісі – елсіз жатқан жерге қан жүгірді

Президенттің бір жылда екі рет өткізген Жолдауына таң қалып жатқандар көп. 2012 жылы да осылай бір жылда екі рет Жолдау арнаған болатын. Биыл да солай, есесіне 2013 жылы Жолдау болған жоқ. Мемлекет басшысы кеше «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» келер жылға деп атап өтті. Әдеттегідей мұқият тыңдадық. Бұл жолы жалпылама емес, нақты басымдық беретін дүниеге ерекше тоқталды. Ол – жолдар мәселесі. Логистика – дамудың кепілі. Мысалы қытайтанушы бір ағамыз Дэн Сяопиннің билікке келген соң ең алдымен осы жол мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін айтады. Нәтижесінде қазір Қытай үлкен динамикамен дамыды. Логистиканың екі басты ерекшелігі бар. Біріншіден, ол – экономикалық табыстарға жол ашады. Кеше ғана ашылған Жезғазған – Бейнеу теміржолының бойында елді мекендер пайда бола бастағанын Президенттің өзі айтты. Демек бұрын елсіз жатқан жерге қан жүгірді. Сауда жасалады, алыс-беріс жүреді. Екіншіден, ішкі туризмнің дамуына жол ашады. Алматыда мен 10 жыл тұрып, керемет табиғаты бар Көлсайға бір-ақ рет барып, қайтадан аяқ аттап баспайтындай боп қайттым. Себебі жолы сын көтермейді. Суретін О.Бөкей салып беріп кеткен Катон-Қарағай деген сұлу жер бар. Бірақ жолы сұмдық. Әсіресе Алматыдан Өскеменге баратын жол. Бұл енді бірді-екілі мысал ғана. Үшіншіден, елдің ішкі бірлігін арттыруға да тікелей болмаса да септігі тиеді. Менің ұққаным осы.

Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Әйтсе де баспана мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Кезекті бағдарлама жан-жақты зерттеліп барып жасалғаны дұрыс. Қазір жастардың жаппай қалаға ағылуына орай баспана мәселесі де қатар жүзеге асуы тиіс. Ал, нәтижесін алдағы жылдары көретін боламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға