Жаңалықтар

Жақындарымның бәрі рактан қайтты - Асқар Жұмаділдаев

Жақындарымның бәрі рактан қайтты - Асқар Жұмаділдаев
Фото: Видеодан кадр 20.11.2023 13:31 4934

Академик Асқар Жұмаділдаев әйелі мен бауыры қатерлі ісік ауруына шалдығып, қайтыс болғанын айтты. Ғалымның айтуынша, бұл ауру ешқашан жазылмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асқар Жұмаділдаевтың бауыры Роза Жұмаділдаеваның айтуынша, әкесі 4 сынып білім алған. Ал аналары білім алмаған. Бірақ 3 ұл, 3 қызды өмірге әкеліп, өсіріп, жеткізген. Асқар Жұмаділдаевқа Мәрия қарындасы жақын болған. Екеуі бір-бірін жақсы түсінетін болған.

Жақындарымның бәрі рактан кетті. Құралай да, қарындасым да қатерлі ісіктен кетті. Мен іштей сезетінмін. Жүрт сыртқы формасына қарайды. Сыртыммен қатал болуы да мүмкін. Бірақ, ішкі жүрегім мұлде бөлек қойү Ешкімге айтпаймын, көрсетпеймін. Бұл ауырды. Мұның қалай болатынын білем ғой. Өйткені, Құралайдың қалай ауырғанын көрдім, бастан өтті. Германияда да жүрдім, анда да жүрдім. Бұл ауру жазылмайды. Қайда апарсаң да босқа қинайсың. Бірақ, бүкіл шараны жасадық. Дүниеде ең қиын нәрсе, сен нәтижесі не болатынын біле тұра, күресесің. Амал жоқ қой, - деп айтты Асқар Жұмаділдаев "Алғашқы" бағдарламасында.

Айта кетейік, академиктің ата-анасы мен бауырлары Асқар Жұмаділдаевтың бала күнінен білімге құштар болып өскенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жары Құралаймен болған оқиғаларды да айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға