"Жақсы адам болдыңыз": Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
14.11.2023 09:43
3444
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәңізді Алла кешірсін! Сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз, - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 13 қарашада Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Антикор Астана әкімдігінің басқарма басшысын ұстады
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды