Жаңалықтар

Жапонияның айға қонатын SLIM модулі сәтті ұшты

Жапонияның айға қонатын SLIM модулі сәтті ұшты
Фото: © AFP 07.09.2023 14:15 848

Танегашима ғарыш айлағынан H2A зымыран тасығышында ұшырылған алғашқы жапондық SLIM ай модулі белгіленген орбитаға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жапония Аэроғарыш зерттеулер агенттігінің (JAXA) мәліметінше, аппараттың биіктігі – 2,4 метр, салмағы – 200 келі. Оның мақсаты бет-әлпетті тану жүйелерінде қолданылатын технологиялар негізінде Ай кратерлерін және рельефін зерттеу. Сондай-ақ SLIM арнайы камерамен жабдықталған, оның көмегімен Ай бетіндегі темір мен өзге де элементтердің мөлшерін өлшей алады.

Айта кетейік, екі апта бұрын Ай бетіне «Чандраян-3» миссиясы аясында үндістандық аппарат сәтті қонған болатын. Үндістан Жер серігі бетіне ғарыш аппаратын қондырған төртінші ел атанды. Бұған дейін бұл миссия Кеңес Одағы, АҚШ пен Қытайдың қолынан келген еді. Ал ресейлік «Луна-25» станциясы тамыздың соңында Айға қону кезінде қирап қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға