Жапониялық әйел әлемдегі ең қарт адам атанды
Фото: guinnessworldrecords.com
Фото: guinnessworldrecords.com
22.08.2024 12:00
1524
Жапонияның Аcия қаласының тұрғыны, 116 жастағы Томико Итока әлемдегі ең қарт адам атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Томико Итока испаниялық 117 жастағы Мария Браньяс қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам болып отыр.
Қарттар үйінде тұратын Томико үш ай бұрын өзінің 116 жасын тойлап, қала мэрінен гүл шоқтары мен торт және құттықтау қағазын алды. Қызметкерлер есту қабілетінің бұзылуына қарамастан, ол анық сөйлейтінін және оларға үнемі алғыс білдіретінін атап өтті.
Итока 20 жасында тұрмысқа шығып, төрт баласын (екі қыз, екі ұл) дүниеге әкелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырғызстан президенті демалушылар тастап кеткен қоқысты жинады