Жаңалықтар

Жапониядағы танымал әуежай өз салмағынан суға кетуі мүмкін

Жапониядағы танымал әуежай өз салмағынан суға кетуі мүмкін
Фото: Х/ViralBased 13.04.2025 08:27 729

Жапониядағы Кансай халықаралық әуежайына су астында қалу қаупі төніп тұр. Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл әуежай Осака шығанағында орналасқан екі жасанды аралда салынған. 20 миллиард доллар тұратын жоба 1994 жылы іске қосылған. Қазіргі уақытта әуежай жылына 30 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Ол Жапонияның материктік бөлігімен 3,75 шақырымдық көпір арқылы байланысқан.

Аэропорттың конструкторлары жобалау және салу кезінде тіпті жер сілкінісін де ескерген – ұшу-қону жолағы арнайы асфальтобетон қоспасынан төселіп, майысуға және деформацияға төтеп бере алады. Алайда ең үлкен мәселе – әуежайдың салмағы. Оның ауырлығы теңіз түбіндегі лай мен балшыққа қысым түсіріп, жер асты шөге бастаған, – деп жазады басылым.

Алғашқы жылдары инженерлер әуежай 50 жыл ішінде шамамен 8 метрге төмендейді деп болжаған. Алайда бұл көрсеткіш нысан ашылған сәтте-ақ асып кеткен. Бүгінде әуежай 11,5 метрге шөгіп кеткен, ал 2056 жылға қарай нысан толығымен су астында қалуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға