Жаңалықтар

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 14.01.2025 09:41 308

Жапонияның оңтүстік-батысында 6,9 баллдық жер сілкінісі болды. Одан кейін бірден аймақта цунами туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-дан өткенде болды. Кюсю аралындағы Миязаки префектурасына, сондай-ақ Жапонияның оңтүстік Коти префектурасына ескерту жарияланды.

Жер сілкінісінен кейін шамамен 30 минут ішінде биіктігі шамамен бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті.

Билік цунами туралы ескертуді дүйсенбі күні кешкісін алып тастады, бірақ жергілікті тұрғындарға теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырып жатыр. Себебі екінші және үшінші толқындар алғашқы толқыннан биік болуы мүмкін деп ескертілген..

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға