Жаңалықтар

Жапонияда зейнеткерлер жаппай түрмеге тоғытылып жатыр

Жапонияда зейнеткерлер жаппай түрмеге тоғытылып жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.01.2025 12:09 150

Жапонияда зейнеткерлер жаппай түрмеге тоғытылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зейнет жасындағы адамдар мұндай қадамға өздерінің қалауымен барып жатқан көрінеді. Себебі күнделікті өмірде өз-өздерін қамтамасыз ету қиындап барады.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қамалғандар түрмеде тұрақты тамақпен, медициналық тексеріспен, күтіммен қамтамасыз етіліп, өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Жалғыздықтан құтылу үшін зейнеткерлердің басым бөлігі ұсақ қылмыстар жасайды екен.

Бұл үрдіс күн санап белең алып келеді. Кейбірі тіпті түрмеде өмір бойына қалу үшін айына 20-30 мың йен төлеуге де дайын екендігін алға тартқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға