Жаңалықтар

Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек
Фото: iStock 09.12.2024 12:32 414

Жапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында төрт күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өзгеріс Жапония астанасы Токиода 2025 жылдың сәуірінен басталады.

Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ Жапон үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.

Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр тек 727 277 туылу тіркелді. Ал туу коэффициенті – әйелдің өмір бойы туатын балаларының саны 1, 2-ге дейін төмендеді. Халық саны тұрақты болуы үшін туу коэффициенті 2,1 болуы қажет дейді биліктегілер.

Токио отбасылық саясатты жүзеге асыратын Азиядағы жалғыз қала емес. Сингапур де осы жылы барлық компанияны қызметкерлер үшін икемді жұмыс тәртібін қарастыруға мәжбүрлейтін жаңа нұсқаулар енгізді. Ол төрт күндік жұмыс аптасын немесе икемді жұмыс уақытын қамтуы мүмкін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға