Жапония мамандары еліміздегі 13 гидротехникалық құрылысты зерттеді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
23.01.2025 03:31
929
Жапон сарапшылары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты зерттеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Жапония елшілігінің қолдауымен сол елдің Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің мамандары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексерген.
Сарапшылар су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы нысандарды зерттеді.
Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт Су білім беру институты арасындағы меморандум аясында нидерландылық мамандар Астана мен Ақтөбеде су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша семинарлар өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды
Келесі жаңалық
Көктайғақ, үсік, жел: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы