Жапондар тағы да әлемді таңқалдырды
Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті
Фото: Матч ТВ
Фото: Матч ТВ
24.11.2022 20:16
1246
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетіп, стадионда өздері отырған жердегі қоқысты тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қатар астанасы - Доха қаласындағы «Халифа Интернейшнл» стадионында өткен ойында Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді.
Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті. Өздері орналасқан бөліктегі қоқысты тазартып, оны арнайы жәшіктерге жеткізді. Осылайша өзгелерге өнеге көрсетті.
Е тобында сынға түсетін Жапония құрамасы енді екінші турда 27 қарашада Коста-Рикамен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті