Жаңалықтар

Жапондар Қазақстанға су тасқыны маусымына дайындалуға көмектеседі

Жапондар Қазақстанға су тасқыны маусымына дайындалуға көмектеседі
Фото: ТЖМ 22.07.2024 18:31 576

Жапониялықтар Қазақстанды су тасқыны маусымына дайындауға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай мәміле Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада арасында жасалды.

Бұл бастаманы JICA Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілдері қолдады. Жапониядан келген сарапшылар Қазақстанның төрт облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексереді. Мамандар қазірдің өзінде гидротехникалық құрылыстарды қарап жатыр. Олар Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Абай облысындағы нысандарды зерттеді.

Біз олардың жай-күйін мұқият зерделеп, осал тұстарын анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала шаралар қабылдауымыз керек, - деп атап өтті Нұржігітов.

Тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыруды талқылады. Атап айтқанда, су ағызу деңгейі мен көлемін анықтау үшін датчиктерді орнату туралы сөз болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға