Жаңалықтар

Жанжалдан соң үйінен шығып кеткен әйел 2,5 жылдан кейін табылды

Жанжалдан соң үйінен шығып кеткен әйел 2,5 жылдан кейін табылды
Фото: © Polisia.kz 10.01.2024 14:04 2844

Ақмола облысының полицейлері 2,5 жыл бұрын жоғалған әйелді тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың мамырында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен қарт әйелді Қарағанды облысының аумағынан тапты. Целиноград ауданында тұратын ұлы мен келіні анасының жоғалып кеткені туралы полицияға арызбен жүгінген. Өздері де іздемек болған, алайда іздестірулері сәтсіз болған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әйелдің орналасқан жері анықталды. Белгілі болғандай, ақмолалық көрші облыста жұмысқа орналасыпты.  Алдағы уақытта отбасына оралғысы келмейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға