Жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Фото: © El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: © El.kz/Арман МҰХАТОВ
13.10.2024 20:19
629
Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған шақалақ жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева желі парақшасында жазды.
Қыз бала сағат 19.40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын,-деп жазды Динара Зәкиева.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысының орталығында жанып жатқан қоқыс жәшігінен дүниеге келгеніне шамамен бір күн болған шақалақ табылғаны туралы жаздық.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды