Жаңалықтар

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы
19.10.2015 11:33 117363

Жануарлар мен аңдардың төлін қалай атаймыз дегенде, көп жағдайда қойдың төлі – қозы, ешкі төлі – лақ, жылқы төлі – құлын, түйе баласы – бота деп төрт түлікті түгендеумен ғана шектелеміз. Кейде "Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым, жылқы баласын момыным" дейді деген тәмсілге сүйеніп, қарғаның баласы аппақ, кірпінің баласы жұмсақ деп аталады дейтіндер бар. Сіздердің назарларыңызға кішігірім жануарлар мен аңдардың суреттерінен құралған инфографиканы ұсынамыз. Толық нұсқасы мына жерде.

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)

Арқар төлін қозықа деп атайды екен. Біле жүру үшін, есте жүру үшін суретімен алдыңызда ұсындық. 

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)

Жолбарыс пен барыстың ерекшелігі бар. Сондықтан балаларының да аттары әртүрлі болады. Барыстың баласын мәулен десе, жолбарыстың баласын шөнжік, таутан, сарымақ деп атай береді.

Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)

Түлкі баласының бірнеше атауы кездеседі. Жәудір, мырмай, міршәй деп те атайды. 

Жануарлар мен аңдардың төлдерін қалай атайды? альбомын қарау


Деректерді әзірлеген: Жандос Смайлов

Инфографиканы құрастырушы: Арман Қалибекұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға