Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
10.01.2024 09:40
1293
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған.
Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.
Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды, - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды