Жаңалықтар

Жантүршігерлік оқиға. Пойыз 36 жастағы әйелді басып кетті

Жантүршігерлік оқиға. Пойыз 36 жастағы әйелді басып кетті
Фото: видеодан алынған кадр 12.06.2023 11:00 1126

Өзбекстанның Ташкент облысында теміржолда жантүршігерлік оқиға орын алды. Жолаушылар пойызы әйелді басып кетті, - деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Podrobno.uz мәліметінше, оқиға 4 маусымда таңғы сағат 6:20-да Чиназ-Алмазар станциялары арасындағы жолда болған. Хавас-Ташкент бағытында келе жатқан электр пойызы 36 жастағы әйелді басып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Ақпараттарға сәйкес, әйелдің эпилепсиямен ауырғаны белігілі болды. Ол бұған дейін бірнеше рет үйден қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға