Жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік үлгілі келін бе? Бұл сауалға шахматшының өзі жауап берді

Жансая Әбдімәлік үлгілі келін бе? Бұл сауалға шахматшының өзі жауап берді
Фото: instagram/zhansaya_abdumalik 22.11.2023 17:35 1477

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік үлгілі келін қандай болуы керек деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 жастағы қазақстандық спортшы өзін бұл қатарға қоспайтынын айтады. Бұл туралы ойын ол Instagram-дағы стористе бөлісті.

Шынымды айтсам, менде бұл сұраққа жауап жоқ, өйткені үлгілі әйел ұғымын әркім әртүрлі қабылдайды. Өз басым адамдардың түсінігіндегі үй шаруасындағы әйелдерге мүлде келмеймін. Иә, үйіміз таза, бәрі өз орнында тұрады, бірақ мен кейде түске дейін ұйықтап жатуым мүмкін, себебі ұйқыны жақсы көремін, - деді шахматшы.

Жансая оның бұл әрекетін жолдасы түсіністікпен қарайтынын айтады.

Ерте тұруға қиналамын, осындай күйеу жолықтырғаныма бақыттымын, себебі ешқашан миымды жеген емес. Қайта ұйқым қанғанына қуанады.  Әрине, таңғы 6-да тұрып, құймақ пен ірімшік пісіріп беруге болады, бірақ білмеймін... Бәрін мәжбүрлі түрде емес, адамның қалауымен жасалуы керек деп ойлаймын. Бәлкім ол деңгейге де жететін шығармын, әр нәрсенің өз уақыты бар деп жатады, - деді шахматшы.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға