Жәнібек Әлімханұлының бокстан әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
01.01.2023 20:10
1981
Белгілі vRINGe.com сайты түрлі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңарған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) бірінші орында тұр. Дәл осы салмақтағы WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 11 КО) оныншы сатыға жайғасқан.
Супер орта салмақта Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бесінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, отандасымыз орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеуінің иесі.
Головкин кейінгі жекпе-жегін екінші орта салмақта өткізді. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді