Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыластарының бірі Джермалл Чарло кезекті кездесуінде жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыластарының бірі Джермалл Чарло кезекті кездесуінде жеңіске жетті
Фото: Ашық дереккөзден 26.11.2023 18:55 328

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBC тұжырымында әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) отандасы Хосе Бенавидесті (28-2-1, 19 KO) жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған жекпе-жек кіші Бенавидес пен Андраде арасындағы кездесудің андеркартында өтті. Бокс кеші Лас-Вегастағы Michelob Ultra Arena-да өтіп жатыр.

10 раундқа жоспарланған кездесу толық аяғына дейін болды. Төрешілер ұпай санымен жеңісті Чарлоға берді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 33-ші жеңісі болса, Хосе Бенавидестің үшінші жеңілісі.

Айта кетейік, бұған дейін Джермалл Чарло қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, оның қос белбеуін тартып алатынын жазған болатын. Сөйтіп, абсолютті әлем чемпионы болуға бір табан жақындаймын деген. Алайда, Жәнібек Чарлоны нокаутпен жеңетінін айтып, оның шақыртуын қабыл алды.

Сондай-ақ, бұл салмақта тағы бір қазақ боксшысы бар екенін ұмытпаған жөн. Мейірім Нұрсұлтанов жуырда ғана Ташкентте өткен бокс кешінде Чили боксшысын жеңіп, Чарломен жұдырықтасуға міндетті қарсылас атанған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға