Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
26.08.2023 00:32
1471
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан - әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!»,– деп жазды ол.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда Тәжікстанның мәдениет күндері басталды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды