Жәнібек Әлімханұлы «абсолютті» чемпион атанғысы келетінін айтты

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өз салмақ дәрежесінде «абсолютті» атағына қол жеткізуді көздейтінін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында чемпиондық белбеулерін салып, мұнымен тоқтамайтынын айтты:
Маған тағы екі чемпиондық атақ керек, - деп жазды ол.
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы белбеу американдық Джермалл Чарлоға (33-0, 22 КО), ал WBA чемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) тиесілі.
👑 I need two more titles! pic.twitter.com/sJ558yfWj1
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) February 19, 2024
Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі өзінің соңғы айқасын былтыр 14 қазанда АҚШ-та өткізіп, алтыншы раундта германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді. Сол арқылы WBO және IBF белбеулерін біріктірді.
