Жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

Көптен күткен жылу келді және қыста ұмытылған көптеген ойын-сауық пен демалыс түрлерін әкелді. Бірақ ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді.
Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.
Кене энцефалиті келесідей беріледі:
- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.
Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.
Кене энцефалитінің профилактикасы: Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т. б. мыналар қажет: ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз; мезгіл-мезгіл киім мен денені өзіңіз және өзара қарап-тексеріңіз; дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз; кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз. медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен, қозғап, біртіндеп алыңыз; Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз).
