Жаңалықтар

Жаңбыр, найзағай: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, найзағай: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: Pixabay.com 08.04.2025 09:04 397

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің орталығында, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша, жел күшейіп, тұман түседі.

Астанада күн ала бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +17,+19°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, түнде екпіні 18-23 м/с-ге дейін жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға