Жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, бұршақ: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Pixabay.com 23.06.2023 16:00 997

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады, салдарынан ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, бұлттардың ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты нөсер жауып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. 26 маусым түнде солтүстік-батыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Температурада айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға