Жаңалықтар

«Жаңбыр аралас қар». Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Жаңбыр аралас қар». Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ©pixabay.com 24.04.2024 16:39 564

Болжам бойынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-
шашынды болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. 

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Бұршақ жаууы да ғажап емес. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Онда ауа температурасы түнде 0-12, күндіз 10-20 градусқа дейін
төмендейді. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде сынап бағанасы түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға