Жанармай бекетіндегі шабуыл: қылмыстық іс қозғалды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.04.2025 15:13
434
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ, - деп жазды министр.
Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп қосты ведомство басшысы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Chevron корпорациясының басшысын қабылдады
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Кувейтке жұмыс сапарымен барды