Жанарбек Әшімжан: Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс
15.03.2025 09:43
160
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Жанарбек Әшімжан IV Ұлттық құрылтайға қатысып, байыпты басқосудың мәні мен маңызына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі. Сонау ертеректе бабалар баталасқан осындай басқосулар өтетін еді. Сол игі дәстүр Тәуелсіздік дәуірінде заңды жалғасын тауып, саяси платформаға айналды. Ұлытау төрінен бастау алған Құрылтай, міне Бурабай төрінде жалғасып отыр. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның консолидациясы. Осы алаңда егемен ел ретіндегі стратегиялық бағыт-бағдарымыз, тұжырымдамаларымыз айқындалады, – деді депутат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
15 наурызға арналған ауа райы болжамы