Жаңалықтар

Жаңаөзендік кәсіпкерлер жұмыссыздықпен күресуге атсалысуда

Жаңаөзендік кәсіпкерлер жұмыссыздықпен күресуге атсалысуда
Фото: mangystaumedia.kz 03.05.2024 04:33 706

Жаңаөзен қаласында соңғы 5 жылда бой көтерген жаңа  зауыттар мен фабрикалар халықты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаланың көптеген тұрғыны, әсіресе жастар қазір осы кәсіпорындарда жұмыс істей жатыр. Ал жүздеген жаңаөзендік «Жұмыс жасаймын» мемлекеттік өңірлік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылған.

Мәселен "Өзенмұнайкапитал" фабрикасында  тәжірибелі қызметкерлермен қоса,  жоғары білімді жас мамандар жұмыс істейді.

Жұмысқа орналасқаныма 2 жылдан астам уақыт болды. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде білім алдым. Қазіргі таңда  слесарь болып жұмыс істеймін. Әр қызметтің өз  қиындығы бар,  түрлі жағдай болады. Алайда тәжірибе арқылы кәсіби білігіңді шыңдауға мүмкіндік аласың. Сондай-ақ, мекемеде еңбек және техника қауіпсіздігін қорғау маманы ретінде қосымша қызмет атқарамын. Бұл бағытта білімім мен тәжірибемді жетілдіріп келемін. Жаңаөзен қаласында жастар үшін мүмкіндік көп демекпін. Қай салада болсын бағын сынап көремін деушілерге  жол ашық, - деді Руслан Жұмамұратұлы. 

"Өзенмұнайкапитал" мекемесі 2021 жылы құрылған. Фабриканың жылдық жоспары және тапсырыс көлеміне сәйкес қызметкерлер жұмыс істейді. «Өзенмұнайкапитал» мекемесінің басшысы Нұрлыбек Бисенов фабрика жұмысы жөнінде мәліметтермен бөлісті.

Біз мұнай саласына қажетті құрал-жабдықтарды өндірумен айналысамыз. Қазіргі таңда кәсіпорында 36 адам жұмыс істейді.  Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі оң шешімін табуы үшін  бос жұмыс орындарын құруды көзделік. Қаламыздағы «Мансап» орталығына бірнеше адам тіркелген. Біздегі қызметкерлерде сол тізімнен алынған. Онымен қоса, біліктілігін арттыру мақсатында дәнекерлеушілер мен слесерь  мамандарын Ресейге жолдап, оқытқан болатынбыз,- деді ол.

Жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған тағы бір кәсіпорын – «Көркем әлем» фабрикасы облыс тұрғындарын сапалы етпен және жартылай дайын өнімдермен қамтамасыз етеді. Мұнда 160-тан астам жаңаөзендікті жұмыспен қамтып отыр. Оның 139-ы «Жұмыс жасаймын» өңірлік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Фабрика ызметкерлерінің бірі көпбалалы ана ет комбинатына қалай ұмысқа тұрғаны туралы айтып берді.

Мен бұл жұмысты «Жұмыс жасаймын» бағдарламасы арқылы таптым.  7 айдан бері осында қызмет етіп жатырмын. Жұмыс кестесі ыңғайлы, жалақы уақытылы төленеді. Мен бұрын наубайханада кондитер аспаз болып жұмыс істегенін. Сол тәжірибемнің арқасында мұндағы жұмысқа тез үйрендім, - дейді зауыт қызметкері Ұлданай Таңатарқызы.

Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған «Жұмыс жасаймын» жобасы 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде іске асты.  Ал жергілікті атқарушы орган  кәсіпкерлермен ынтымақтасуға және жұмыссыздықпен күресуді жалғастыруға дайын екенін айтып отыр.

Біздің компания 2023 жылы сапалы ет пен тұшпара, манты, котлет және т.б. сияқты сапалы жартылай дайын өнімдерді жеткізуден бастады. Өнімдеріміз Халал сертификатын алған. Бұл белгілі бір шарттар мен талаптарды қатаң сақтауды, соның ішінде малды дұрыс союды және етті дұрыс тазалауды білдіреді», - деді компанияның баспасөз хатшысы Қаламқас Аманқосова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға