Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасында көз жұмды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
24.07.2023 20:18
635
Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.
Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспечерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында екі адам судан құтқарылды
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды